369
ЕАЭО-ға теңіз контейлерін тасымалдау жеңілдетіледі
ЕАЭО-ға теңіз контейлерін тасымалдау жеңілдетіледі
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы одақ аумағы бойынша көліктің өзге де түрлерімен оларды одан әрі орналастыру үшін ЕАЭО порттарында халықаралық тасымалдың көлік құралдары ретінде теңіз контейнерлерін кедендік декларациялауды жеңілдетті.
«2017 жылғы мамырдан бастап сыртқы саяси қызмет қатысушыларына мұндай жүк тасымалдарын ресімдеу үшін ЕАЭО кедендік шекараны көп реттік кесіп өту рұқсатымен бір данада бір декларация ғана қажет болады», - деді ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап БЕЛТА. Бұдан басқа, енді кеден өкілдері көлік құралдарын декларациялау кезінде өз өкілеттігін құжатпен растау қажет болмайды. Барлық қажетті ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйелері мен аннықтамаларында сақталады.
ЕЭК кеден блогында түсіндіргендей, қабылданған шешім ЕАЭО елдерінің теңіз порттарынан шетел контейнерлерімен тауарларды жергілікті алушыға жеткізу проблемасын реттейді. Шешімді іске асыру сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының шығысы мен теңіз контейнерлерін кедендік декларациялау кезінде қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартады деп санайды комиссия. Бұл ЕАЭО-ға контейнермен тасымалдау нарығын дамытуға ықпал етеді.