Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысқан күдікті қолға түсті деп хабарлады turkystan.kz. Ол Риддер қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары аталған ер адамды ұстап, одан өсімдік тектес 3 полимерден және бір қағаздан жасалған түйіншек тапқан. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде осыған ұқсас құрамы бар 86 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді. Жүргізілген сараптама күдіктіден алынған заттардың жалпы салмағы 1 503,2 грамм кептірілген марихуана екенін анықтап отыр.
«Ұсталғаннан кейін күдікті қамауға алынды, қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.