Сот шешімі: БҚО әкімдігі оралдық ер адамға моральдық өтемақы төлейтін болды

Сот шешімі: БҚО әкімдігі оралдық ер адамға моральдық өтемақы төлейтін болды

Сот шешімі: БҚО әкімдігі оралдық ер адамға моральдық өтемақы төлейтін болды
ашық дереккөзі
Орал тұрғыны БҚО әкімдігінің үстінен арыз жазып сотқа жүгінген. Оның талабы бойынша Орал қалалық №2 соты оң шешім шығарды деп хабарлады turkystan.kz «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап. Іс материалдарынан белгілі болғандай, азамат №3 қалалық емхананың жұмысына көңілі толмай, облыс әкімдігіне арыз жазған. Алайда, ол жақтан жауап келмегендіктен, ол шенеуніктерге өзі барған. Қызметкерлер оған дауыс көтеріп, тіл тигізген. Басынан өткергендері үшін шағымданушы моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге сұраған. Судья Марат Маликов азаматтық талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарып, моральдық өтемақы ретінде 100 000 теңге жеткілікті деп есептеген.