Қазақстандық зілтемірші Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды деп хабарлады turkystan.kz. Мексикада өтіп жатқан турнирде отандасымыз 67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Спортшы 281 (123+158) келіні ырқына бағындырды. Айта кетсек, осы біріншілікте бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде және бірінші алтын болып отыр.
Жүктелуде...