Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ұлттар лигасы аясында Словакиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты деп хабарлады turkystan.kz. ҚФФ баспасөз мәслихаты кезінде Абат Айымбетовке қойылған сұрақтарды және оның жауаптарын жариялады. – Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етуде? – Қиынға соғуда. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ендігі болатын ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз. – Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдуға теңеуде. – Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін. – Қазақстан біріншілігі бел ортасына келді, ал Словакияда чемпионат аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па? – Мұны ертеңгі ойын көрсетеді деп ойлаймын.
Жүктелуде...