Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында кезекті ойынын өткізеді. Футболшыларымыз Беларусь құрамасымен сырт алаңда ойнайды.

Осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасы топтың басты фавориттері саналған Словакия мен Әзербайжан командаларын жеңіп, 6 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастады. Ал Беларусь құрамасы Словакияға есе жіберіп, Әзербайжан құрамасымен ұпай бөліскен болатын.

Жалпы, футбол тарихында аталған қос құрама бес мәрте кездесіп, бір ойында тең тарқасса, қалған төрт ойында Беларусь командасының асығы алшысынан түскен.

Еске сала кетейік Қазақстан құрамасы осы ойыннан соң ізін суытпастан кезекті ойынын өткізеді. Келесі ойын өз алаңымызда азуын айға білеген Словакия құрамасына қарсы өтпек. Ойын 13 маусым күні «Астана Арена» стадионында жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады.

Нұрдәулет Жандауов,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика факультетінің 2-курс студенті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button