9 жыл бұрын жоғалған қырғыз азаматы Атыраудан табылды (ВИДЕО)

9 жыл бұрын жоғалған қырғыз азаматы Атыраудан табылды (ВИДЕО)

9 жыл бұрын жоғалған қырғыз азаматы Атыраудан табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50335

9 жыл бұрын жоғалып кеткен қырғыз азаматын Атырау полицейлері тапты деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 2011 жылы Қырғыз Республикасының екі азаматы Атырауға киім саудасымен айналысуға келген. Сол жылы, белгілі бір мерзімнен кейін, бірі өз еліне оралуға шешім қабылдап, ал екіншісі Қазақстанда қалады. Олар соңғы рет бір-бірімен 2013 жылы телефонмен сөйлескен. Одан кейін 9 жыл бойы байланыс үзіліген. Бірнеше жылдан кейін туыстары оны іздстіргенімен, бірақ одан еш нәтиже шықпаған.  Аталған факті бойынша Атырау облысы Полиция департаментінің бастығымен құрылған арнайы жедел-іздестіру тобы азаматшаны іздеуге кірісті. Белгілі болғандай, қырғыз азаматы өзінің жақындарына ренжіп, олармен байланысты тоқтатуды жөн санаған. Хабарсыз кеткен әйелдің туысы тәртіп сақшыларына нәтижелі жұмысына және оның отбасымен қауышуына көмектескені үшін алғыс білдірді.

«Жоғалған жақындарды кездестіруге көмектескен полиция қызметкерлеріне рақмет. 10 жылдай бойы армандап, осы сәтті күттім. Қуанышымда шек жоқ!» - деп туысқандары көзіне жас алды.

 

Серіктес жаңалықтары