Пан Ги Мун Оңтүстік Корея президенті болуы мүмкін

Пан Ги Мун Оңтүстік Корея президенті болуы мүмкін

Пан Ги Мун Оңтүстік Корея президенті болуы мүмкін
ашық дереккөзі
776
Бұлай деп айтпасқа лаж жоқ. Өйткені Оңтүстік Кореяда саяси жағдай шиеленісіп тұр деп жазады "Айқын" газетінің тілшісі. Жалпы соңғы екі айда Сеулдің орталық алаңына милллиондаған адам шығып, наразылық акциясын өткізді. Ақыры халық толқуы парламенттің ел президентіне импичмент жариялауымен аяқталды. Енді бұл мәселені Конституциялық сот қарайды. Егер шын мәнінде Конституциялық сот парламент қабылдаған импичментті заңды деп тапса, онда екі айдан кейін елде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтуі де ықтимал.
Соншалықты Пак Кын Хе не бүлдірді дерсіз? Ол өзінің 40 жылдан бергі құрбысына «мемлекеттік құпия» деп белгі соғылған, сонымен қатар басқа да құжаттарды берген. Ал ең бір қызығы, Цой Сун Силь Президент берген кейбір құжаттарға өзгертулер мен түзетулер енгізген. Оның мемлекеттік қызметке еш қатысы болмаса да, Президент әкімшілігіндегі кадрлық тағайындауларға араласқан. Тіпті жөн-жосықсыз кейбір баяндамаларға түзетулер енгізген. Енді міне құрбы мен Президенттің ара қатынасындағы жағдай жалпақ жұртқа мәлім болып, мемлекет басшысы әшкере болды. Сарапшылардың айтуына қарағанда, Президент әкімшілігінде тиімсіз жұмыс істейтін әрі баюды ғана ойлайтын кездейсоқ адамдардың көбейіп кетуінен Пак Кын Хе осылай абыройсыздыққа ұшыраған. Халықаралық саясатты да олар тиімді жүргізе алмады. Солтүстік Корея мемлекетімен арадағы жағдай ушығып кетті. Қытаймен саяси жағдай нашарлады. Мұның барлығы да Оңтүстік Кореяның экономикасына орасан зор зиянын тигізді. Сонымен, Пак Кын Хе Оңтүстік Кореядағы ең нашар президент ретінде тарихта қалайын деп отыр. Сеулде оны тұрғындардың 2 пайызы ғана қолдайды. Ел жастарының 1 пайызы ғана - Пак Кын Хенің жағында. 2013 жылы ел халқының 67 пайызы Президент ханымды қолдаса, қазіргі рейтинг мүлдем керісінше сипат алды. Президенттік лауазымының соңғы айларында оны халықтың 6 пайызы ғана жақтаған. Демек, бұдан шығатын қорытынды не? Дәл қазір, елдегі жетекші партияның рөлін қайтадан көтеру үшін мықты тұлға, саяси қайраткер керек. Ол кім болмақ? Ел ішінен ондай адам табыла ма? Сондықтан «Сэнури» партиясы бір ғана адамды ұсынып отыр. Ол әрине қазір «әлем президенті» деген атаққа ие болып отырған - БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун. БҰҰ-ның Бас хатшысы ғана елді қайтадан ортақ мақсатқа жұмылдыра алады. Саяси элита мен электоратты өзіне қаратады. Халық Пан Ги Мунның соңынан сөзсіз ереді. Сондықтан Сеулде «салтанатты балды» басқарып отырған консервативтік күштер Пан Ги Мунды қазіргі уақытта керек әрі қолайлы президент деп санайды.    

Серіктес жаңалықтары