Ел үшін еңбек ету - ортақ міндет

Ел үшін еңбек ету - ортақ міндет

Ел үшін еңбек ету - ортақ міндет
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен Атазаңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Парламентте емес, бүкілхалықтық референдум арқылы жүргізілді. Мұның өзі елдің өз мемлекетінің болашағына бейжай қарамай, жаңашылдық пен өзгерісті қалайтынын көрсетті. Ақтау қаласының тұрғындары да бұл саяси науқанға белсене қатысып, республикалық референдумда өз таңдауларын жасады. Партия өкілдері де мемлекет басшысының бастамасы аясында үгіт-насихат пен түсінік жұмыстарын ұйымдастыруда аянған жоқ. Ақтау қалалық штабының мүшелері Конституцияға енетін толықтырулар мен өзгерістерді таныстыру, маңызды саяси шарамен ақпараттандыру мақсатында көптеген ұжымдармен кездесіп, тұрғындармен жүздесті. Конституциямызға енетін өзгерістер жаңашылдыққа бастап, келешекке үмітпен қадам басқан Қазақстанның дамуына үлес қосу - кез келген қоғам мүшесінің маңызды міндеті деп білемін. АтаЗаң – егемен елдің негізгі құжаты, саяси дамуын реттейтін құндылық. АтаЗаңға өзгерістер енгізу - уақыт талабынан туған қажеттілік. 30 жылдық тарихы бар тәуелсіз Еліміз үшін жаңаратын да, жаңғыратын да кез болды. Қазақстан - біздің жалғыз Отанымыз, оны көркейту жолында адал еңбек ету, шынайы тер төгу өз елінің жанашырлары мен патриоттарының адамдық миссиясы деп ойлаймын.

Анар ШАМШАДИНОВА, «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты