Маңғыстау әкімінің орынбасары қайта үйқамаққа алынды

Маңғыстау әкімінің орынбасары қайта үйқамаққа алынды

Маңғыстау әкімінің орынбасары қайта үйқамаққа алынды
ашық дереккөзі
Жақында ғана жұмысына оралған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов тағы да қызметінен шеттетіліп, үйқамаққа алынды деп хабарлады turkystan.kz inAktau.kz басылымына сілтеме жасап. Қыста Ғалымжан Ниязов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 2 айға қамалған еді. Кейін сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертті. Айта кетсек, 24 мамырда Маңғыстау әкімінің орынбасары қызметтік міндетіне кіріскені белгілі болған еді. Алайда сот шешімімен келесі күні қызметінен уақытша шеттетілген.
«Қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына байланысты қызметі уақытша тоқтатылды. 2022 жылдың 27 мамырында осы сот шешімі заңды күшіне енді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», – деді Маңғыстау облыстық Экономикалық тергеу департаменті өкілдері.
Маңғыстау облысының соты Ниязовтың үйқамақтағы мерзімі 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзартылғанын айтқан.
«25 мамырдан бері Ғалымжан Ниязов жұмыста жоқ. Қосымша ақпарат алу үшін құқық қорғау органына жүгініңіз», – деді облыс әкімдігі.