Дәурен Абаев Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді

Дәурен Абаев Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді

Дәурен Абаев Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайлас жемқорлық ісі туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы бойынша тергеу мен сот өз үкімін шығарады деп ойлаймын», - деп жауап берді Абаев Үкімет үйінде тілшілер сұрағына.
Журналистер Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек, бірнеше адамның күдікке ілінгенін айтып, егер олардың кінәсі расталса, министр отставкаға кетуге дайын ба деп сұрады.
«Егер бұл жымқырулар мен басшылық еткен жылдары болса, онда мен отставкаға кетуге дайынмын. Қашан болғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен сұраған жөн», - деді министр.
Айта кетсек, қазір Арыстанбек Мұхамедиұлы ірі көлемде қаражат жымқырды деген айыппен қамауда отыр.
«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді», - деп жазды ведомство.
Тағы рқи отырыңыз: Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мәлімдеме жасады