Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мәлімдеме жасады

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мәлімдеме жасады

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

28 мамыр күні соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды деп хабарлады turkystan.kz Антикордың Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді», - деп жазды ведомство.

Айта кетсек, ақпарат көзі 2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын да мәлімдеді.

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Козачков Telegram каналының хабарлауынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан емделіп шығып, үйіне барған кезде оны Антикордың қызметкерлері алып кеткен. 

Еске сала кетсек, тергеушілер экс-министрге 146 млн теңгені жымқырды деген айып тағып отыр. Ол халықаралық көрмелерге бөлінген қаражат болатын.