Роза РЫМБАЕВА: Референдумның соңында көптеген өзгеріс болатыны анық

Роза РЫМБАЕВА: Референдумның соңында көптеген өзгеріс болатыны анық

Роза РЫМБАЕВА: Референдумның соңында көптеген өзгеріс болатыны анық
ашық дереккөзі
– Референдум, әрине бекер болатын нәрсе емес қой, оның артында көптеген өзгеріс болатыны анық. Ал Конституцияны өзгертуге байланысты ре­ферендум болса, оның нәтижесінен бәріміздің де үмітіміз бар. Шынын айту керек, халықтың көбі заң деген нәрседен хабарсыз, сол себепті өз құқық­тарын біле бермейді. Тіпті, білмегендер сол күйі біл­меген қалпында жүре береді. Ол дұрыс емес. Әлем­нің дамыған елдерінің бізден артықшылығы – олар заңды да, заңмен бекітілген өз құқықтарын да жақсы біледі. Бізге де сол деңгейге жету керек. Енді Конституциямыздағы өзгерістер жайында айтар болсам, бұрын жерді мемлекеттікі деп жазылса, енді «жер – халықтікі» деп өзгертілгелі жатыр. Меніңше, бұл – үлкен өзгеріс, жақсылық. Сосын Конституциядан Қазақстанның тұңғыш Президентіне қатысты баптар алынып тасталғалы жатқанын білемін, ол да дұрыс қадам. Өзі билікте жоқ адам туралы заңның елімізге қажеті жоқ шығар. Дегенмен қазіргі жағдайға байланысты өзгерістер көбірек керек. Мәселен, көпбалалыларға қатысты жағдай өзгертілсе деп ойлаймын, оларды ертерек зейнетке шығарып, зейнетақысы көбейтілсе дұрыс болар еді. Бұл еліміздің демографиясына жақсы әсерін тигізер еді. Осыған байланысты жаңа заңдар қабылданар деген үмітім бар. Референдумнан кейін халықтың саяси, заңдық сауаты артып, белсенді бола бастайтын шығар деп ойлаймын.