GGG мен «Канело» арасындағы айқастың өтетін күні белгілі болды

GGG мен «Канело» арасындағы айқастың өтетін күні белгілі болды
Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді деп хабарлады turkystan.kz.
Кезекті кездесу 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды.
«Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше» деп жазды Головкин.