АИТВ - бұдан былай өлім үкімі емес

АИТВ - бұдан былай өлім үкімі емес

АИТВ - бұдан былай өлім үкімі емес
ашық дереккөзі
220
Мен осы жылдың басында Өскеменге барғанымда АҚШ-тың экономикалық күйзеліске ұшыраған көптеген қалаларының есірткіні инемен пайдалануға әкеліп, оның салдары өз кезегінде АИТВ індетінің таралу екпінінің өсуіне соқтырған едәуір ұқсас проблеманы осы қаладан да көрдім. Шығыс Қазақстан өңірінің ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен наркологиялық орталығының директорлары есірткіні пайдаланудың 1990-шы жылдардың соңында Өскеменде жергілікті өнеркәсіптің құлдырағанынан кейін әлеуметтік проблемаға айналғанын және қатты тәуелділікке соқтыратын героин сияқты есірткілердің оңай табылатын болғанын айтып берді. Шекарадағы есірткі саудасын бақылаудағы қауіпсіздік шаралардың күшейтілгеніне қарамастан Есірткі мен АИТВ індеті Өскеменде мәселе болып қалып отыр. Дегенмен, мен Өскеменнен кетіп бара жатқанда Қазақстанның ЮНЭЙДС  пен Қазақстан Үкіметінің АИТВ індетін 2030 жылға қарай жояды деген оң ниетте бодым. Себебі, АҚШ Үкіметі сияқты серіктестердің, дәрігерлердің, жергілікті билік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдары және осы дертті жеңуге кіріскен науқастардың көмегімен сол жетістікке жетуге болады. АҚШ Президентінің ЖИТС-ке қарсы күресу Төтенше жоспары (PEPFAR) бағдарламасының қолдаумен Шығыс Қазақстан өңірлік ЖИТС орталығы өзінің еңбеккерлеріне қоса 20 мамандар мен медбикелерді жұмысқа алып, емделіп жатқан науқастар санын көбейтті әрі қызмет көрсету сапасын арттырды. Сонымен қатар, Өңірлік Наркологиялық Орталығы нашақорлық, туберкулез бойынша және АИТВ індетін емдеуді бір жерден үйлестіру қызметтерін жасайтын «бір терезелік» біртұтас пилоттық тәсілді іске асырды. «Бір терезелік» тәсілді іске асырғалы бері клиенттер саны 50 пайызға өсті. Жергілікті әкімшілік «бір терезені» 2017 жылдан бастап өзінің бюджеті арқылы қаржыландыруға міндеттеме қабылдады. Мені Вера есімді Өскемен тұрғындарының бірінің АИТВ-дан өзі ғана емдеу алып қоймай, сонымен қатар жергілікті коммерциялық емес «Answer» ұйымының Тең Навигаторы ретінде әрекет етуі шабыттандырды. Вера және басқа да Тең Навигаторлар АИТВ-сы бар адамдардың өмірлерінде оң, ақылға қонымды өзгерістер қабылдауға көмектеседі; әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетеді; және АИТВ індеті бар адамдарға қоғамға толығымен сіңуге көмектеседі. Бағдарламаның басталған 2016 ж. маусымынан бастап Вера және оның әріптестері медициналық көмек алу үшін ЖИТС орталығына келмей кеткен 192 науқасты табуға көмектесіп, көптеген адамдарды көрсетілетін қызметтерді қайтадан алу үшін емдеуді бастауға ынталандырды. Медициналық мекемелер мен қоғамдық ұйымдар арасындағы осындай ынтымақтастық АИТВ-мен табысты күресте аса маңызды болып табылады. Вера АИТВ ауруы бар басқа адамдармен бөліскісі келетін ізгі хабарлардың бар екенін айтты.  Қазіргі кезде АИТВ-сы позитивті болғандарға - егер олар дерттің ерте сатысында емдеу бастап, АИТВ-ны одан әрі таралуын болдырмайтын емді қолдайтын болса,  ретровирусқа қарсы терапия (ART) қалыпты ұзақ өмір сүруді ұсынып отыр. Міне, сондықтан емді қажет ететіндердің әрқайсысы АРТ-ны қабылдауына көз жеткізу өте маңызды. Мен АИТВ-ны емдеуді арттыратын АРТ-ны қабылдаушылар санын екі есе ұлғайтудағы Қазақстанның Үкіметінің күш-жігеріне алғысымды білдіремін. АҚШ Елшісі Д. Кролдың Шығыс Қазақстан өңірі ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы және Өңірлік наркологиялық орталығының еңбеккерлерімен кездесуінен

Серіктес жаңалықтары