Ulttyq Onim көрмесі ашылды

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі ашылды деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау және дамыту. Биылғы көрмеге 350-ден астам компания қатысуға ниет білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы тауарлары, сондай-ақ, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнімдер ұсынылған.

Көрмеге қатысушылардың арасында жеке гигена тауарларын, пластиктен жасалған бұйымдарды, металлопластиканы өндіруші «Радуга» ЖШС, полиэтилен құбырларын өндіруші «KazPolimerPlast» ЖШС, аккумулятор батареяларын өндіруші «Қайнар – АКБ» ЖШС, мамандандырылған аяқ киім өндірушісі «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС, кілем және кілем бұйымдарын өндіруші «Бал Текстиль» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар.

р

Осымен алтыншы рет өткізіліп жатқан көрме ел азаматтарының қызығушылығын тудырып қана қоймай,  отандық тауар өндірушілердің өз өнімдерін көрсетіп, тәжірибе жинақтап, табысқа жету жолымен бөлісу алаңына айналды. Сондай-ақ аталған іс-шара компаниялар арасындағы экономикалық кооперацияны кеңейтуге және өндірістік жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, іс-шара барысында дәстүрлі түрде «Халық Таңдауы» атты тағамдардың дәмін тату байқауы өтеді. Сонымен қатар жетекші қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлер киімдерінің коллекциясы көрсетіледі.

Отандық өнімдермен танысуға ниеттенген барша жандар көрмеге 22 мамырға дейін бара алады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button