345
Чернобыль апатынан кейін "қауіпсіздік мәдениеті" термині қалыптасты
Чернобыль апатынан кейін "қауіпсіздік мәдениеті" термині қалыптасты
Чернобыль АЭС-дағы «Укрытие» нысаны құрылысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай Астанада дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары Қазақстанның ядролық қоғамдастығы мен Халықаралық атом өнеркәсібі ардагерлері кеңесі және Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі. Дөңгелек үстелде Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украинаның ардагер-ликвидаторлары салалық награда алды.
Чернобыль АЭС-індегі төртінші энергоблоктың қорғаныс ғимараты 1986 жылдың 30 қарашасында аяқталып, «Укрытие» деген атауға ие болды. Ол бар болғаны 206 күннің ішінде тұрғызылды. Радиациясы төтенше жоғары жерде алдына теңдессіз мақсат қойған нысанды тұрғызу жарты жылдың ішінде жүзеге асты. «Укрытие» нысанының құрылыс жұмыстарына 90 мың адам жұмылдырылды. Алып мемлекеттің түкпір түкпірінен жиналған құрылысшы, жобалаушы, дозиметрист, ғалымдар, әскерилер мен басқа да кәсіп иелерінің аянбай еңбек етуінің арқасында осы ғимарат тұрғызылды, әлемдік тәжірибеде оған балама жоқ.
Астанада өткен шарада Қазақстан, Беларусь, Ресей мен Украинаның ардагер-ликвидаторлары марапатталды. «Укрытие» құрылысында жұмыс істеген жұмысшылардың ерлігі мен кәсібилігі апаттың зардаптарын ауыздықтауға көмектесті. «Росатом» корпорациясының «Радиациялық аварияны жойғаны үшін» ескерткіш белгісімен Чернобыль АЭС-дегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан 16 қатысушы марапатталды. Қазақстан ядролық қоғамының директоры Наталья Жданова мен «Росатом Центральная Азия» аймақтық орталық директоры Виталий Драгунов наградаларды табыстады.
ЧАЭС апаты ядролық энергетика қауіпсіздігін жаңа сапалы деңгейге көтерді және қазіргі таңда 3+ буынды реакторларын жасап шығаруға мүмкіндік берді, қауіпсіздіктің кешенді жүйесі кез келген апаттың алдын алады.
«Апаттан алған басты сабақтардың бірі «қауіпсіздік мәдениеті» терминінің қалыптасуы, қазіргі таңда бұл ұғым іргелі басқару принципіне айналды – атом энергетикасындағы қауіпсіздік №1 шартты басымдық», - деп атап өтті «Росатом Центральная Азия» бас директоры Виталий Драгунов, - Жаңа, заманауи энергоблоктарға келер болсақ, Ресейде ғана биыл Нововоронеж АЭС-нде 3+буынды энергоблок қолданысқа берілді. Бүгінде ресейлік атом саласында қоршаған орта мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шешімдер пайдаланыла бастады. Өз кезегінде олар «еш зардапсыз» стратегиясына сәйкес келеді, қауіпсіздіктің ең үздік деңгейі деген осы».
Нововоронеж АЭС-і жаңа энергоблогында 3+ буынды ВВЭР-1200 реакторларымен фукусимадан кейін қойылған талаптардың барлығына сай келетін жетістіктер пайдаланылған. ВВЭР-1200 жобасының негізгі ерекшелігі қауіпсіздіктің активті және пассивті жүйесінің үйлесімі, олар станцияны ішкі және сыртқы қозғалыстарға төзімді етеді, яғни электр қуатының балама көздерінің кемінде біреуі ашық болса, қауіпсіздіктің активті жүйесі жұмыс істей алады, ал пассивті жүйесі өз бетінше қуат алмай-ақ, адамның қатысуынсыз-ақ жұмыс жасай береді. АЭС 3+ буынды қауіпсіздік жүйесі селден, қар мен мұздан, сыртқы жарылыстардан, құйыннан, бораннан, торнадо мен әуе апаты және сейсмикалық салмақтан қорғайды.
«Мен және менің әріптестерім Чернобыль АЭС-індегі апаттан кейін жұмыс істеуге жіберілдік, бірақ біз үшін ол ерлік деп қабылданған жоқ, - дейді «Қазақстан Республикасының Атом ғылымдары, энергетика және өнеркәсіп ардагерлері» қоғамдық ұйымының төрағасы Тілеу Дайырбеков, - Бұл кәдімгі, тіпті ескі жұмыс еді, тек ауқымы басқаша еді, біз мұндайды бірінші рет кездестірдік. Чернобыль апатынан алған сабақ АЭС қауіпсіздігін жасауға көмектесті, бұрынғы КСРО елдері ғалымдарының жетістіктері таңдай қақтырады, әсіресе 3+ буынды реактор жасап шығарған ресейлік мамандар».