Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді

Жыл басынан бергі 4 айда мемлекет бюджетінен 4 917,2 млрд теңге салық түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,6 есе көп деп хабарлады turkystan.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 4 айда Мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 110,1%-ға орындалды. Бекітілген жоспар – 4 466,4 млрд теңге, ол 450,8 млрд теңгеге асыра орындалып, 4 917,2 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 873,5 млрд теңгеге көп.

Оның ішінде:

  • Республикалық бюджет 100,7% орындалды (жоспар бойынша 3 290,9 млрд теңге, ол 23,9 млрд теңгеге асыра орындалып 3 314,8 млрд теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,8 есе немесе 1 494,5 млрд теңгеге өсті.
  • Жергілікті бюджет 136,3% орындалды (жоспар бойынша 1 175,5 млрд теңге, ол 427,0 млрд теңгеге асыра орындалды 1 602,5 млрд теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 31,0% немесе 379,0 млрд теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 571,0 млрд теңгеге немесе 2 есеге, ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығы 433,2 млрд теңге немесе 4,6 есеге, экспорттық кеден баждары бойынша 311,9 млрд теңгеге немесе 2,1 есеге, үшінші елдерден импортқа ҚҚС 90,4 млрд теңгеге немесе 39,0% -ға, КО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 53,1 млрд теңгеге немесе 21,0%-ға, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 41,1 млрд теңгеге немесе 42,2%-ға өскені байқалады.

Түсімдердің өсуіне келесі факторлар әсер етті. 2022 жылы 4 айда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,1%, алюминийге 51,9%, мырышқа 40,9%, қорғасынға 16,5%және мысқа 15,4% бағаның өсуі байқалады.

Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 56,4%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы қаңтар-мамыр айында – 55,0 $, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айында – 86,0$).

Биыл үшінші елдермен тауар айналымы 1,5 есеге ұлғайды (экспорт 1,7 есе , импорт 1,2 есе өсті). Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 4 айда өткізу бойынша айналым 24,4%-ға ұлғайды (31 565 млрд теңгеден 39 266 млрд теңгеге дейін).

2022 жылғы 4 айда электронды шот-фактуралар деректері бойынша өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін, үй қызметшісін жалдайтын және үй шаруашылықтары қызметі 5,8 есеге, ақпарат және байланыс 1,8 есеге, өнер, ойын-сауық және демалыс 1,6 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 58,4%-ға, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 53,0%-ға, білім беру 37,4%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы 35,8%-ға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35,6%-ға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25,6%-ға, көтерме және бөлшек сауда 23,8%-ға және құрылыс 23,5%-ға өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button