50402
Павлодар жағалауында қамыс өртенді
Павлодар жағалауында қамыс өртенді

Өрт салдарынан саяжайларға қауіп төнді деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23:47-де «Яблонька» бағбаншылығы ауданында Ертіс өзені алқабында шамамен 6 га алаңда қамыс жанып жатқаны туралы дабыл түсті.
«Өртті сөндіруге 17 адам мен өрт сөндіру қызметінің төрт техникасы, жергілікті атқарушы органдардан екі су тасығыш жұмылдырылды» делінген ТЖД хабарламасында.Өрт сағат 1:35-те оқшауланып, 2:07-де сөндірілді.