50315
Зеленский Макронмен ұзақ сөйлесті
Зеленский Макронмен ұзақ сөйлесті

Украина президенті Владимир Зеленский француздық әріптесі Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz.
Әңгіме барысында көптеген мәселе талқыланды. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-дегі ресми парақшасында мәлімдеді.
Зеленскийдің айтуынша, әңгіме ұзақ әрі қызу болған.
Украина мемлекетінің басшысы әріптесіне соғыс барысын айтып, Мариуполь қорғаушыларын құтқару операциясының жай-жапсарын ашып берді.
Украина Президенті, сондай-ақ, Ресеймен келіссөздер үдерісінің одан әрі перспективалары туралы өз көзқарасын айтқан.