«Қазақстандықтар референдумға қатысуға дайын» – Еркін Тұқымов

«Қазақстандықтар референдумға қатысуға дайын» – Еркін Тұқымов

«Қазақстандықтар референдумға қатысуға дайын» – Еркін Тұқымов
ашық дереккөзі
50329
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін біз ҚСЗИ-дің кезекті сараптамалық алаңын референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының жұмысы аясында өткізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы осыдан үш жыл бұрын Президент қызметіне кірісіп, мемлекеттің барлық маңызды мәселелері Қазақстанның барлық азаматтарының пікірін ескере отырып қана шешілетінін мәлімдеді.   Сол сәт келді. Үш аптадан аз уақыттан кейін 27 жылда алғаш рет жалпыұлттық референдум өтеді. Бізге Ата Заңымызға енгізілетін маңызды түзетулерге қатысты дауыс беруіміз керек. Сондықтан Мемлекет басшысы референдум туралы жариялағаннан кейін бірден ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ 9-12 мамыр аралығында телефон арқылы «Қазақстандықтардың конституциялық реформалар мен референдумға көзқарастары» сауалнамасын жүргізді. Әлеуметтанулық сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 17 облыстан 1200 респондент қатысты. Нәтижелер көрсетіп отырғандай, қазақстандықтардың басым көпшілігінде болып жатқан өзгерістердің маңыздылығы жайлы түсінік бар. Мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың 76,4%-ы Президент  Қ.К.Тоқаевтың конституциялық реформалар бойынша жалпы республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайтынын атап өтті. 70%-ы 2022 жылы 5 маусым күні жалпы республикалық референдум өткізілетіндігі туралы хабардар, ал 18 жастан асқан қазақстандықтардың 66,4%-ы оған қатысуға ниетті», - деді Еркін Тұқымов.

Серіктес жаңалықтары