Қызық үшін қызғалдақты көлікпен таптаған

Қызық үшін қызғалдақты көлікпен таптаған

Қызық үшін қызғалдақты көлікпен таптаған
ашық дереккөзі
Түркістан облысында көлігімен қызғалдақты таптаған көлік жүргізушісіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде Toyota маркалы көліктің қызғалдақты таптап жүрген суреті таралып жатыр. Ақ көлікпен қызыл қызғалдақты еркін басып тұрған жүргізушінің әрекетіне қатысты тұрғындар әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Ал, Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жабайы дала қызғалдағы «Қызыл кітапқа» енбегендіктен ешқандай шара қолданылмағандығын жеткізді. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушіге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектелген. Жалпы, оқиға Сарыағаш ауданының аумағында орын алған. Тәртіп сақшылары көліктің нөмірі бойынша жүргізушіні іздеп тауыпты. Ал, көлік иесі бұл әрекетін қызық үшін жасағандығын айтқан.