50656
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау уақыты белгілі болды
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау уақыты белгілі болды

Биыл «Алматы жастары» жобасы аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болады. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Әкімнің айтуынша, өтінім қабылдау 18 мамырдан бастап 1 маусымға дейін жалғасады.
«Биыл Алматыда 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Олар – медицина қызметкерлері, оқытушылар, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары», - деді Е. Досаев.Бұл бағдарлама арқылы үй сатып алу үшін 5%-бен 25 жылға 18 млн теңге несие беріледі. Үй алушы бастапқы салым ретінде 10% сомасын төлеуі қажет. Айта кетейік, 2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге артты.