Алматыда 48 адам баспанасыз қалды

Алматыда 48 адам баспанасыз қалды

Алматыда 48 адам баспанасыз қалды
ашық дереккөзі
Алматыда жатақхана өртенді. Өрттен зардап шеккендер уақытша мектепке орналастырылды деп хабарлады turkystan.kz. Тілсіз жаудың салдарынан тұрғындар бар мүлкі мен құжатынан айырылған. Өрт жалпы аумағы 200 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендердің айтуынша, өрт сөндірушілер келгенше сыртқа өздері шығып үлгерген. Кейбіреулер екінші қабаттың терезесінен секірген.
«Менің екі балам бар, біз екінші қабаттан секірдік. Құжаттарымды алып үлгердім. Екі бөлмелі пәтерді 50 мыңға жалдап келдік. Бар мүлкім су болды, пайдалануға жарамсыз. Барар жеріміз жоқ. Спорт залда тұрып жатырмыз», - деді жатақхана тұрғыны Айнұр Сафарова.
Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қанат Әшірбековтің айтуынша, өрттен зардап шеккендер ыстық тамақпен және қажетті керек-жарақпен қамтылған.
«Бірінші қабатта көлік жөндеу орталығы, екінші және үшінші қабатта тұрғын үй орналасқаны анықталды. Қазір құрылыстың құжаттары тексеріліп жатыр. Соның қорытындысы негізінде шешім қабылданады», - деді Алатау ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Таубеков.