50318
Көлік ішінен жұмбақ жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды
Көлік ішінен жұмбақ жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды
Алматыда көліктің ішінен ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері марқұмның қасында болған 33 жастағы адамды ұстады деп хабарлады turkystan.kz.
Ер адамның денесі «Айнабұлақ» ықшамауданында Toyota автокөлігінің ішінен табылған.
«Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Олар жанжалдасқан болуы мүмкін» деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.