Орыс тілінде баяндама жасаған «Қазпошта» басшысы сынға ілікті
Орыс тілінде баяндама жасаған «Қазпошта» басшысы сынға ілікті
Бүгін елордада «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңес өтті.
Алқалы жиында «Қазпошта» басшысы баяндамасын бастан-аяқ орыс тілінде жасап шықты. Кеңеске қатысқан вице-премьердің де қазақ тілінде қойған бір-екі сауалына орыс тілінде жауап берді. Осыдан кейін Ералы Тожанов Серік Саудабаевқа қазақ тілінде де сөйлеу керектігін ескертті.
«Орыс тілінде керемет сөйлеп жатырсыздар. Қазақ тілінде де сөйлеу керектігін қаперіңізге салғым келеді. Естеріңізде болсын. Бүкіл елде, халықтың арасында мұны әруақытта есте сақтауымыз қажет. Мына жерде отырған азаматтардың бәрі - осы елдің азаматтары. Сондықтан жүрген-тұрған жерімізде осыны үнемі ескеруіміз керек. Айналамызда болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар. Сондықтан сіздерге де тікелей қатысы бар. Осыны бәріміз ескеруге тиіспіз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.