«Форманның рекордын жаңартқым келеді» : Владимир Кличко мәлімдеме жасады

«Форманның рекордын жаңартқым келеді» : Владимир Кличко мәлімдеме жасады

«Форманның рекордын жаңартқым келеді» : Владимир Кличко мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Украинаның кәсіпқой боксшысы Владимир Кличко шаршы алаңға қайта шығуы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz segodnya.ua порталына сілтеме жасап. Бұл мәлімдемені ол Лондон қаласының «Уэмбли» стадионында Тайсон Фьюри мен Диллиан Уайттың жекпе-жегінен кейін бейне байланыс арқылы жасады. Сол жерде Кличко Ресеймен қарулы қақтығыста Украинаны қолдап жатқан жанкүйерлерге алғыс білдірді.
«Тайсон Фьюридің  жеңгеніне қуанып отырмын. Ештеңеге уәде берме алмаймын. Бірақ ертең Украинадағы соғыс біткенде не болатынын уақыт көрсетеді. Жақсы жаттықсам, Джордж Форманның рекордын жаңартуды ойлайтын шығармын. Бұл – менің арманым», - деді ол.
Владимир Кличко – ағайынды Кличконың бірі. Ол - бокстан Олимпия ойындарының чемпионы. Ағасы Виталий сияқты кәсіпқой бокстан бірнеше тұжырымда бірнеше рет әлем чемпионы болып, Еуропа чемпионаттарын жеңіп алған. Ал  Джордж Форман кәсіпқой бокста 81 рет жекпе-жекке шығып, 76 рет жеңген. 68 рет қарсыластарын нокаутқа жіберген. 5 рет қана жеңілген.  width= Тағы оқи отырыңыз: Виталий Кличко, «Удар» партиясының жетекшісі: «Біз жемқорлық өршіген мемлекетте өмір сүргіміз келмейді»