Виталий Кличко, «Удар» партиясының жетекшісі: «Біз жемқорлық өршіген мемлекетте өмір сүргіміз келмейді»

Виталий Кличко, «Удар» партиясының жетекшісі: «Біз жемқорлық өршіген мемлекетте өмір сүргіміз келмейді»

Виталий Кличко, «Удар» партиясының жетекшісі:  «Біз жемқорлық өршіген мемлекетте өмір сүргіміз келмейді»
ашық дереккөзі

 

«Удар» партиясының жетекшісі
Виталий Кличконың журналист Альбина Кирилловаға Еуромайдан туралы айтқан
пікірін қысқаша беріп отырмыз.

Егер Янукович отставкаға кетпесе,
әрі қарайғы әрекеттеріңіз қандай болмақ? 

Біз әрекетке көшіп кеттік. Қазір митингінің ауқымы кеңейді. Майдан
әкімшілік ғимараттарды жаулап үлгерді. Ол жерді біздің адамдар түні бойы
күзетеді. Керек болса, бір апта, бір ай тұруы мүмкін. Біз бұл шеруімізге
биліктің назарын аударғымыз келеді. Алаңға жүз мыңдаған украин ұлтының өкілдері
жиналды. Егер қажет болса, миллионға жеткіземіз. Және олар: «Біз жемқорлық өршіген
мемлекетте өмір сүргіміз келмейді. Біз әрбір украин азаматы жақсы өмір сүретін
заманауи елде тұрғымыз келеді» деген ойын айтуда. Мұны құптамайтын, қолдамайтын
халық жоқ.

Ленин ескерткішінің бұзылуына
қатысты не айтасыз?

Бір нәрсе айтқым келеді. Біз қиратуды емес,
тұрғызуды ойлауымыз керек. Ал бас-көз демей бұзып жатқандардың іс-әрекетінің
дұрыс не бұрыс екендігін ертеңгі ұрпақ бағалайды. Егер шынымды айтсам, Ленин
ескерткішінің маған зияны жоқ. Оған пионер кезімде келгем. Бұл да бір өткен күннен
естелік шығар. Бірақ бұл идеологияның уақыты өтіп кетті. 


Динара Мыңжасарқызы