50436
Зеленский G20 саммитіне қатысады
Зеленский G20 саммитіне қатысады

G20-ның келесі саммиті күзде Индонезияның Бали аралында өтеді деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Саммитке Украина президенті Владимир Зеленский қатысады. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. Украина басшысын форумға телефон арқылы сөйлесу барысында Индонезия президенті Джоко Видодо шақырды.
«Мен оған (Джоко Видодо) БҰҰ-дағы айқын ұстанымы және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айттым. Біз азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқыладық. G20 саммитіне шақырғаныңыз үшін рахмет» деп жазды Украина басшысы.