Төтенше жағдайлар департаментінің көлігі апатқа ұшырады

Төтенше жағдайлар департаментінің көлігі апатқа ұшырады

Төтенше жағдайлар департаментінің көлігі апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Жол-көлік оқиғасы 26 сәуір күні сағат 12:13-те Баянауыл ауылында орын алған. Lada көлігіндегі Баянауыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Land Cruiser көлігімен соқтығысты деп хабарлады turkystan.kz. «Оқиға салдарынан Баянауыл кентінің орталық аудандық ауруханасына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 1991, 2000 және 1988 жылы туған үш қызметкері жеткізілді. Үшеуінің де жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Нива көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Көліктер тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факті бойынша тергеу тағайындалды.