Ердоған Путинмен Украинадағы жағдайды талқылады

Ердоған Путинмен Украинадағы жағдайды талқылады

Ердоған Путинмен Украинадағы жағдайды талқылады
ашық дереккөзі
50332
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады  turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Агенттік мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу барысында Түркия басшысы Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің жалғасуына сенім артатынын айтқан. Сонымен қатар, Ердоған Түркия Украинада берік бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын баса айтқан.
«Президент Ердоған атысты тоқтатуға қол жеткізу, гуманитарлық дәліздердің тиімді жұмыс істеуі және эвакуацияның қауіпсіз жүргізілуі маңызды екенін айтты. Ол Түркия оқиғалардың бұл бағытын тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті», - делінген Түркия президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, Ердоған Ресей мен Украина басшыларын бітімгершілік келіссөзге шақыру туралы ұсынысын қайталады делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары