БҚО-да бүтін бір аудан ішімдіктен жаппай бас тартты

БҚО-да бүтін бір аудан ішімдіктен жаппай бас тартты

БҚО-да бүтін бір аудан ішімдіктен жаппай бас тартты
ашық дереккөзі
50747
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғындары ішімдікті толығымен тастады. Қазір бұл жерде алкогольді ішімдіктер сатылмайды және тұрғындар арасында құқықбұзушылық азайған деп хабарлады turkystan.kz. Алкогольден бас тарту туралы шешім жалпы жиналыста көпшілік дауыспен қабылданды. Жергілікті тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маңызды рөл атқарды. Сырым ауданының бас имамы Қуанғали Қуанышұлы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ербол Әлімбекеровке ризашылығын білдірді. Дін қызметкері мен полиция бөлімінің басшысы алкогольден бас тартудың оң әсерін атап өтті. Айта кетейік, бүгінде Сырым ауданында 7 мешіт бар.

Серіктес жаңалықтары