50756
Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына кірді
Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына кірді
AMANAT партиясының XXIII съезінде партияның саяси кеңес құрамына үш жаңа адам енді деп хабарлады turkystan.kz.
Партия съезінің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, AMANAT-тың саяси кеңесіне өзгеріс енгізу мәселесі қаралды.
«Партияның жоғары өкілдік органының саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды ұсынамын. Партия жарғысының №9.1 пункті бойынша, саяси кеңеске өзгеріс енгізу мәселесі партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздердің қарауларыңызға AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады», - деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.Съезд делегаттары бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап дауыс берді.