АҚШ мұсылмандары Трампқа хат жазды

АҚШ мұсылмандары Трампқа хат жазды

АҚШ мұсылмандары Трампқа хат жазды
ашық дереккөзі
136
Американың 300-ден астам мұсылманы АҚШ-тың жаңадан тағайындалған президенті Дональд Трампқа ашық хат жазып, одан көмек сұрады деп хабарлайды aikyn.kz.
Ашық хатта қазір Америкада қалыптасып отырған жағдайға баға бере келіп, билікте исламға қарсы саясат ұстанып отырған шенеуніктерді қызметтен қууды өтінді. Мұсылмандар қауымы, сондай-ақ, кейінгі кезде елде ислам дінін ұстанатындардың көзқарасын аяққа таптау жиі орын алып бара жатқанын айта келіп, бұл әрекетті тоқтатуды сұрады. Ал мұнан құтылудың жолы бар. Ол үшін жаңадан сайланған президент елдегі лауазымдық орындардың біріне мұсылман дінін ұстанатын қайраткерлердің бірін отырғызуы керек. Сонда ғана діни дүрдараздық жойылып, елде азаматтық тепе-теңдік орнайды. Ашық хатқа қол қоюшылар бүгінгі таңда АҚШ-та ислам дінін ұстанушылар жан-жақтан қысым көріп отырғанын айтқан. Америкадағы мұсылман қауымы қайраткерлерінің алаңдайтындай жөні бар. Сайлауалды бағдарламасында және халық алдында сөйлеген сөздерінде Дональд Трамп егер президент бола қалған жағдайда мұсылмандарға қатысты қатаң саясат ұстанатынын жария еткен. Сондай-ақ, Трамптың жақтастары да алдағы уақытта ислам қауымы өкілдерін қатаң қадағалап отыру қажеттілігін де ескерткен. Егер бұл қадам жүзеге асатын болса, онда адам құқын аяққа таптау болып табылады. Расында да өткен жылдың желтоқсан айында Сан-Бернардинодағы атыстан кейін Трамп «АҚШ-қа мұсылмандардың елге келуін тоқтату» туралы сөз сөйлеген. Одан кейін ол сөзін сәл жұмсартып, «лаңкестік әрекет өршіген елдерден мигранттарды елге кіргізбеу керек» деген. Арсың-гүрсің сөйлейтін Трамптың саясатының алдын алғысы болуы керек, енді міне АҚШ-тағы мұсылмандар өз құқын талап етіп отыр.  

Серіктес жаңалықтары