Ресейде мұнай қоймасы өртенді

Ресейде мұнай қоймасы өртенді

Ресейде мұнай қоймасы өртенді
ашық дереккөзі

Ресейдің Брянск қаласында мұнай қоймасы өртенді. Оқиға кезінде ешкім жапа шекпеген деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.  Ақпарға қарағанда, «Транснефть» компаниясына тиесілі резервуар кеше түнде отқа оранып, көп ұзамай сөндірілген. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, нысанда өрт шығар алдында қатты тарсыл естілген. Брянск шаһары Украина шекарасынан 154 шақырымдай жерде орналасқан.