Уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылады

Уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылады

Уәдесін орындамаған депутаттар мандатынан айырылады
ашық дереккөзі
Уәдесінде тұрмаған депутаттар мандатынан айырылады. Коституцияға осындай өзгеріс  енгізу ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz 24kz-ке сілтеме жасап.  Сайлауалды уәдесін орындамаған депутаттарды мандатынан айыру туралы шешімді сайлаушылардың өзі қабылдайды. Арнайы құрылған жұмыс тобы бүгін Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайлы талқылады.
«Заңды төменгі палата қабылдайды. Ал жоғарғы палата мақұлдайды немесе мақұлдамайды. Бірақ бұл мәселені айналып өтуге болады. Яғни төменгі палата депутаттары заңды қайта қабылдаса, онда құжат қабылданған болып саналады. Бірақ Сенат басқа да тиімді ұсыныстар білдірген жағдайда, онда Мәжіліс  заңнаманы енгізілген ұсыныстармен қабылдаған болып саналады. Ал егер бұл ұсыныстарды төменгі палата құптамаса, онда өзара келісім процедуралары іске асады. Осы сынды барлық мәселелер Конституция шеңберінде реттелу керек», – деді заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірәсілов.