Қытайдан 20 қазақ отбасы көшіп келді

Қытайдан 20 қазақ отбасы көшіп келді

Қытайдан 20 қазақ отбасы көшіп келді
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстанға Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі 20 қазақ отбасы көшіп келді деп хабарлады turkystan.kz naizager.kz порталына сілтеме жасап. Оларды Алматы әуежайынан «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұқан Мамытхан бастаған азаматтар қарсы алды.
«2017-2018 жылдары Қытайда тұратын 100 үйге көші-қон шақыртуын жібергенбіз. Соның алғашқы легі келді. Жылдың аяғына дейін шақырту алғандар түгел келуі тиіс», - деді Мұқан Мамытхан.
Атамекеніне оралғандардың арасында пайғамбар жасына келген Оралтай Нұрдынай Құлжа қаласынан келіпті.
«Отбасымызда 7 адам бар. Қытай билігі қазір тек отбасымен толық көшетіндерге ғана рұқсат беріп отыр. Құлжадан Үрімжі - Шенг Ду арқылы 4 күн жүріп келдік. Атажұртқа келгенімізге қуаныштымыз», — деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: СҚО әкімі: қандастарға құжаттарын рәсімдеуге көмектесеміз