СҚО әкімі: Қандастарға құжаттарын рәсімдеуге көмектесеміз

СҚО әкімі: Қандастарға құжаттарын рәсімдеуге көмектесеміз

СҚО әкімі: Қандастарға құжаттарын рәсімдеуге көмектесеміз
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, облысқа күзде 25 отбасы қоныс аударған. Олар Есіл және Шал ақын аудандарына орналастырылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Олардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта құжаттар рәсімделуде. 16 отбасы Ираннан жақында келгендер. 9 отбасы бұрын Иранда тұрып, Маңғыстау облысына көшіп келген, бір жылдан кейін біздің өңірге көшіп келді. Өздеріңіз білесіздер, жұмыс күші артық өңірлерден (Оңтүстік облыстар мен Маңғыстау облысы) қоныс аудару бағдарламасы бар. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы жақсы жерлерімен және жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу үшін жақсы мүмкіндіктерімен танымал. Кім жұмыс істегісі келсе, соған жұмыс табылады. Бұл бағдарлама өңіріміз үшін өте қажет деп ойлаймын», - деді Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімінің айтуынша, қандастарға жұмысқа орналасуға және көшу кезінде құжаттарын жоғалтып алғандарға оны қалпына келтіруге көмек көрсетіледі.