Маңғыстау облысында 4 жасар бала інісінің басынан теуіп, сүйегін ойып жіберген (ФОТО)

Маңғыстау облысында 4 жасар бала інісінің басынан теуіп, сүйегін ойып жіберген (ФОТО)

Маңғыстау облысында 4 жасар бала інісінің басынан теуіп, сүйегін ойып жіберген (ФОТО)
ашық дереккөзі
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында 6 айлық баланың бас сүйегіне трепанация жасалды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Қазір бала травматология бөлімшесінде орташа ауыр халде жатыр. Оқиға 20 сәуір күні болған. Кешкі сағат 19:35 шамасында балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне шұғыл түрде «жабық бас сүйек - ми жарақаты, паринетальды сүйектің сынуы, ми контузиясы» диагнозымен 6 айлық бала жеткізілген. Сәрсенбаевтың айтуынша, ата-анасы 4 жасар баласы абайсызда басынан тепкенін айтқан.
«Сәбиге операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов сүйекті трепанациялау жолымен сәтті ота жасады. Зақымдалған ойықты қалпына келтірді», - деп хабарлады Сәрсенбаев.
Қазір бала травматология бөлімшесінде орташа ауыр халде жатыр. бас