Алматыдағы қыз алып қашу ісіне қатысты полиция түсініктеме берді

Алматыдағы қыз алып қашу ісіне қатысты полиция түсініктеме берді

Алматыдағы қыз алып қашу ісіне қатысты полиция түсініктеме берді
ашық дереккөзі

Алматыда екі жігіт бойжеткенді күштеп көлікке мінгізіп, алып қашты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz.  Алматы қалалық Полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша ешқандай хабар, өтініш түспегенін мәлімдеді.

«Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, болған оқиға туралы 102 пультіне сигнал, өтініштер түскен жоқ. Қазір мән-жайларды анықтау үшін жедел бөлімше тексеру іс-шараларын жүргізуде. Тәжірибеге сүйенсек, бұл пранк немесе қандай да бір шығармашылық өнімнің түсірілімі болуы мүмкін. Қалай болғанда да, тексеру шаралары жүріп жатыр», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексiнің 125-бабы («Адамды ұрлау») бойынша қылмыс жасаған адамға 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.