398
Болашақ стипендиясы иегерлері белгілі болды
Болашақ стипендиясы иегерлері белгілі болды
2016 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Г.Әдіқалықова бүгінгі отырыстың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатқандығын атап өтті. «Болашақ» бағдарламасы іске асырылған 23 жылда 9 339 адам әлемнің үздік университеттерінде жоғары білікті білім алған. «Болашақ» президенттік стипендиясы – бұл бізге әлемдік білім беру жүйесіне жылдам табысты ықпалдасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берген Қазақстанның ұлттық жобасы.
«Болашақ» бағдарламасының бәсекеге қабілетті түлектері Қазақстанның одан әрі дамуы мен гүлденуіне айрықшаүлес қосады, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты – еліміздің әлемнің дамыған 30 елініңқатарына енуіне белсенді қатысады», – деді Мемлекеттік хатшы.
Комиссия отырысы шеңберінде Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмасының орындалуы туралы есебі тыңдалып, «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты көптеген мәселелер қаралды.
Отырыс барысында Комиссия шешімімен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жасалған 2017 жылға Басым мамандықтар тізбесі бекітіліп, келесі жылға стипендиялардың шекті саны анықталды.
Комиссияның шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 231 үміткерге тағайындалды.
2016 жылы стипендия 544 адамға тағайындалған.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Халықаралық «Болашақ» бағдарламасына 2016 жылдың 7 желтоқсан күні ие болғандардың тізімімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: иегерлер тізімі