50814
Мектептерде Жеңіс күніне арналған жиын өтпейді - министрлік
Мектептерде Жеңіс күніне арналған жиын өтпейді - министрлік
Биыл мектептерде 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізу жоспары жоқ деп хабарлады turkystan.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ» делінген хабарламада.Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды.
«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», - дейді баспасөз қызметі.Еске сала кетсек, таяуда Қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне арналған әскери парадтың өтпейтінін хабарлады.