Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы сынақ тестілеуден онлайн әрі тегін өтуге болады деп жазды turkystan.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тестіленуші сынаққа қатысу үшін prob-ent.testcenter.kz сайтында ЖСН-ін енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Талапкер сынақ тестілеуінен өту кезінде тест тапсырмаларымен танысып, таңдалған пәндер бойынша өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ онлайн сынақ ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын мұғалімдер үшін де қолжетімді. Педагогтар prob-nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы сынақтан өте алады. Еске сала кетсек, биыл түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат берілген. Бұған қоса, биылғы ҰБТ-да ерекше қажеттілігі бар тест тапсырушыларға 40 минут қосылады. Бұдан былай, ҰБТ тапсырушыларға қорытынды балмен бірге тақырыптық талдау қорытындысы берілетін болды.
Жүктелуде...