«Z» - трагедияның символы»: Ресей саясаткерлері басқаша сөйлей бастады (ВИДЕО)

«Z» - трагедияның символы»: Ресей саясаткерлері басқаша сөйлей бастады (ВИДЕО)

«Z» - трагедияның символы»: Ресей саясаткерлері басқаша сөйлей бастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейдің Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық істері жөніндегі федералды агенттігі (Росынтымақтастық) жетекшісінің орынбасары Наталья Поклонская «Z» белгісіне қатысты ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz NEXTA Live Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ол ресейлік ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында: «Z» белгісі қайғы мен қасіреттің символына айналып отыр. Өйткені қарулы қақтығыста орыс сарбаздары қаза тауып жатыр. Олардың ата-аналары неше түрлі хабар алып, не істерлерін білмей отыр. Бұл – біздің ел үшін қасірет. Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығыста қаза тапқандар мен жараланған адамдардың санын айтып жатыр. Бұл қуаныш па? Жоқ, қуаныш емес», - деді.
Сұхбаттың соңында журналистің «Сіз үшін не маңызды? Ресейдің Украинадағы «ұлтшылдықты» жеңуі ме, әлде адамның өмірі ме?» деген сұрағына «Мен үшін адамның өмірі маңызды» деп жауап берді. Наталья Поклонская кезінде Ресейдің Украинадан басып алған Қырым Республикасының бұрынғы Бас прокуроры, Мемлекеттік Думаның депутаты болған. Ол тағы халық арасында «Няш-мыш» деген лақап атымен белгілі.  Тағы оқи отырыңыз: Ресейліктер Қазақстанға Zara бутигі үшін келе жатыр