Ресейліктер Қазақстанға Zara бутигі үшін келе жатыр

Ресейліктер Қазақстанға Zara бутигі үшін келе жатыр

Ресейліктер Қазақстанға Zara бутигі үшін келе жатыр
ашық дереккөзі
Ресейлік eanews.ru сайтында Екатеринбург қаласында орналасқан туристік агенттік Қазақстанға шоп-турдың ашылғанын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Порталдың хабарлауынша, шоп-тур «За Zara в Казахстан» деп аталады. Ол үш күнге арналған. Оның бағасы таңғы асты қоса есептегенде 315 долларға  (теңгемен санағанда шамамен 143 892 теңге (25 200 рубль), - ред.) шығады. Бағдарламаға астанадағы «MEGA Silk Way», «Хан Шатыр» ойын-сауық орталықтары, «Бәйтерек» монументі, «Нұр-Әлем» павильон-музейі мен басқа да жерлерді аралау кіреді.
«Ресейліктердің көбісі Қазақстанның астанасына Zara мен басқа да шетелдің танымал бутиктері бар орталықтарға бару үшін билет алып жатыр. Бұдан басқа, біздің агенттік Өзбекстан, Әзербайжан мен Арменияға қысқа уақытқа арналған шоп-турларға билет сатумен айналысады. Өзбекстанға екі тур ұйымдастырып отырмыз. Оның біреуі «За Visa в Узбекистан», екіншісі  «Разыскивается Ходжа Насреддин» деп аталады. Соңғысы бір аптаға арналған», - дейді «Бэст Тур» туристік агенттігінің Екатеринбург қаласындағы директоры Наталья Прибавкина.
 width= Тағы оқи отырыңыз: Алматыда «Za Россию!» концерті өтетіні рас па?