Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті атанды
Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті атанды

«Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында төрт негізгі бағытты дамыту көзделіп отыр. Атап айтқанда, қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту, мектептерде шахмат үйірмелерін ашу, спорттағы жоғары жетістіктерді қалыптастыру, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», - деді Жансая Әбдімәлік.
Федерация алматылықтар үшін шахмат мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Таяудағы үш жылда бір мезгілді ойынның ашық сеанстарын, Алматы және басқа қалалар құрамалары арасында турнирлер ұйымдастыру, сондай-ақ саябақтарда, аулаларда, ауруханаларда және басқа да қоғамдық орындарда жаңа шахмат аймақтарын құру жоспарлануда.
«Жалпы білім беру мекемелерінде шахмат сабақтарын енгізу тәжірибесі Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда бұрыннан қолданылып келеді. Ал Армения шахматты міндетті мектеп бағдарламасына енгізген әлемдегі алғашқы ел болды. Алматылық оқушылар үшін бұл одан әрі интеллектуалды дамуға қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз», - дейді федерация президенті.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді