Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді
ашық дереккөзі
Спорт және денешынықтыру істері комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді деп жазды turkystan.kz. 17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған Бибісараға аталған ұйым арнайы сертификатын жолдады.
«Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) – блицтен әйелдер арасында ең жас әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында Блицтен әйелдер арасында өткен Әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті», - делінген ресми құжатта.
Еске сала кетсек, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасындағы ең жас шахматшы атанды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының триумфаторы Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021).