Қостанайда жаңа туған нәрестенің мәйіті сөмкеден табылды

Қостанайда жаңа туған нәрестенің мәйіті сөмкеден табылды

Қостанайда жаңа туған нәрестенің мәйіті сөмкеден табылды
ашық дереккөзі
50343
Қостанайда «Бүркіт» базарында ер адам жаңа туған сәбидің денесі салынған сөмке тауып алды деп хабарлады turkystan.kz.
«Сәуірдің 19-ы күні сағат 17:00 шамасында 37 жастағы ер адам «Бүркіт» базарының аумағынан жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған. Шақалақ сөмкенің ішінде жатқан», - делінген Қостанай облысының ПД таратқан хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 100-бабы («Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі») бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Полицейлер аталған факті бойынша белгілі ақпарат беруді сұрап, тұрғындарға жүгінді.

Серіктес жаңалықтары