Белгілі продюсер Баян Алагөзова Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған адамдар мен олардың сыбайластарының аты-жөнін атады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бейнежазба жариялады деп жазды turkystan.kz.
«Тергеу жүргізіліп жатқанына қарамастан, атақты кланға жақын адамдар заңсыз құжаттарды жасап, оларды тіркеуді жалғастыруда. Өткен аптада олар мекемеге баса-көктеп кіріп, төбелес шығарды. Қызметкерлерді қуып, кассаны басып алмақ болды. 17 наурызда тұтқындау мен қамауға алудан кейін олар айғақтарды жасыру және сатылымды тоқтату үшін бүкіл мәліметтер базасын жойды», – деп мәлімдеді Баян Мақсатқызы.Ары қарай, ол жекелеген адамдардың есімдерін атап, олардың жалпы ел экономикасына да, Galanz Bottlers компаниясының әрбір жеке қызметкеріне де қауіп төндіретінін айтты.
«Басты арандатушылардың аты-жөнін айтайын:Танымал продюсер тергеудің аяқталуы мен сотты күткенін, бірақ содырлардың заңсыз әрекеттері тоқтамаса, фото және бейне дәлелдемелерді ұсына отырып, үлкен баспасөз мәслихатын беруге дайын екендігін айтты.
- Айдархан Бектібаев – бұрынғы қауіпсіздік қызметінің басшысы;
- Талғат Майлыбаев – директорлар кеңесінің «тәуелсіз» директоры;
- Светлана Недопрядченко – басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары;
- Эльдар Акчурин – басқарманың бұрынғы төрағасы. Сондай-ақ, заңсыз құжаттарға қол қойған тағы 14 адам бар», - деді Баян Алагөзова.
«Бұл адамдар заңсыздыққа мақсатты түрде барады. Олар Президенттің адал әрі ашық кәсіпкерлік туралы нұсқауларын қасақана бұзып отыр. Сонысымен өздерінің жазасыздығын көрсеткісі келеді. Бұл – мемлекеттік саясаттың беделін түсіру және әдейі жасалған қоғамдық заңсыздық. Олар жұртшылыққа елімізді құқықтық емес, содырлар мемлекеті етіп көрсеткісі келеді», – деді Алагөзова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram