50307
Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті
Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті
Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар бала көлік астына түсті деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ», - делінген хабарламада.Мәселен, Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің ауласымен келе жатып, самокат теуіп келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.